Елімізде коронавирусқа байланысты жедел желі іске қосылды

12668875 Жаңалықтар

Atr.kz/29 қаңтар, 2020 жыл. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі коронавирус мәселелері бойынша жедел желіні іске қосты.

Сыртқы істер министрлігінде Қытай Халық Республикасындағы коронавирус мәселелері бойынша жедел желілер іске қосылды, деп хабарлайды ведомство.

Министрлік мәліметінше, жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша қоңырау шала алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93.

Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

«Сонымен қатар, ҚХР-дың кейбір қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы біздің азаматтар үшін Қазақстанның Пекиндегі елшілігінде +86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы жедел желі ашылды», – делінген сыртқы істер министрілігі ақпаратында.

Қытайдағы коронавирус

Желтоқсан айының соңында Қытайдың Ухань қаласында белгісіз пневмония туралы ақпарат жарияланды. Кейін билік аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі – 2019-nCoV екенін анықтады.

Ол адамнан адамға жұғады. Вирус Ухань қаласынан Қытайдың басқа өңірлеріне, кейін өзге елдерге де жылдам тарап кетті. 

Әзірге коронавирустан вакцина жоқ. Ауру белгілері: жоғары температура, жөтел, тыныс алудың қиындауы. Cоңғы мәлімет бойынша бұл індеттен жүзден астам адам көз жұмған.

Дереккөз: «Спутник Қазақстан»

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-koronovirus%d2%9ba-%d2%9barsy-o%d2%9bu-zhatty%d2%93u-%d3%a9tti/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз