Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 12 адамның алтауы – Атыраудан

200329233721780e COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/29 наурыз, 2020 жыл. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 12 адам анықталды. Оның алтауы – Атыраудан.

Облыс көлемінде қауіпті дертке шалдыққан жалпы саны 12 адам тіркелді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек,  дертті жұқтырған жетінші және сегізінші науқас  25 пен  50 жастағы екі әйел. Олардың  21 наурыздағы «Нұр-Сұлтан – Атырау»  бағытында келгені  анықталды. Аталған бағытта 27 наурыз күні коронавирустық инфекциямен ауруханаға жатқызылған қыз  да  болған.  

Тағы екі адам  «Алматы-Атырау» рейсімен  келген 14 жастағы қызбен байланысқа түскен. Олар  1999 жылы дүниеге келген қыз бен жігіт, екеуі де студент. 

Ал, басқа екі адам – 1974 және 1973 жылы туған әйел адамдар, қалалық үшінші емхананың медицина қызметкерлері.
Қазіргі уақытта дертке шалдыққандар  оқшауланып, емделуге жіберілді. Жауапты органдар науқастармен байланыста болған адамдарды іздестіру үстінде.

«29 наурыз сағат 23:30 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам, Алматы қаласында – 3 адам, Атырау облысында – 6 адам, Алматы облысында – 2 адам.Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 167 адам, Алматы қаласында – 70 адам, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам, Атырау облысы – 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 6 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, жалпы 283 науқас тіркелді», – делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

Айта кетейік, осы уақытта Ақтөбе облысында өтіп жатқан онлайн-брифингте өңірде коронавирус індетін жұқтырған тағы бір науқас анықталғаны мәлім етілді.

«ҚазАқпарат», «Атырау өңірілк коммуникациялар қызметі«

http://atr.kz/bez-rubriki/koronavirusқa-қarsy-dep-zhazylғan-bұrynғy-dәri-dәrmekterdiң-құpiyasy-ashyldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз