Жарнама
Жаңалықтар

Елге көлік әкелу талаптары қатаңдайды

Биыл 20 қазаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешіміне сәйкес «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке енгізілген түзету күшіне енеді. Бұл туралы республика Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.

Түзетулер жеке тұлғалардың елге әкелетін көліктеріне қатысты талаптарды нақтылайды. Енді азаматтар тек ЕЭК жеке пайдалану үшін рұқсат еткен көлік түрлерін ғана әкеле алады.

Рұқсат етілген көлік түрлерінің тізімі (ЕЭК №74 шешімі, 30.06.2017):

• жеңіл автокөліктер (медициналық мақсаттағы көліктерден басқа);

• квадроциклдер, снегоходтар, батпақта жүретін көліктер және жолда жүруге арналмаған өзге техникалар;

• мотоциклдер, мопедтер және мотороллерлер;

• 12 адамға дейін тасымалдауға арналған шағын автобустар мен жалпы салмағы 5 тоннаға дейінгі жүк көліктері.

Сонымен қатар, көлік әкелу үшін көлік құралы конструкциясының қауіпсіздік куәлігі (КҚКҚК) қажет болады.

Бұл құжат болмаған жағдайда кедендік рәсімдеу, электрондық паспорт (ЭПТС) алу, утилизациялық алым төлеу, мемлекеттік тіркеуден өткізу мүмкін болмайды.

Қ.ШӘКІРОВ

Сурет: kursiv.kz




Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button