Жарнама
Жаңалықтар

Елдік рухты асқақтатқан мереке

UTEBAYEV UNIVERSITY-де ұлт рухын асқақтатып, ел тәуелсіздігінің бастауы болған Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке – елдік пен еркіндіктің нышаны, әрбір қазақстандық үшін ерекше тебіреніс пен мақтанышқа толы күн.

a1f30254 17f9 4388 a5ec 2fb7132421fa

Салтанатты жиынды университет ректоры, профессор Гүлзада Шакуликова ашып, барша ұжымды Республика күнімен құттықтады.
Өз сөзінде ректор мерекенің ел өміріндегі тарихи маңызын атап өтіп, университеттің өркендеу жолындағы еңбегімен көзге түскен қызметкерлер мен студенттерге марапаттар табыстады.

52c8b29e cfc8 432c a7ee 631717e74eda

Іс-шара барысында мемлекет және қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Рашиля Мүрсалиева
«Университет дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Рашиля Қабиқызы UTEBAYEV UNIVERSITY Директорлар кеңесінің мүшесі болып, жоғары оқу орнының стратегиялық дамуына, жаңа бастамалар мен ғылыми-ағартушылық бағыттардың өркендеуіне зор үлес қосты. Оның өнегелі еңбегі мен парасаты – жастар үшін үлгі мектебі.

Мерекелік іс-шара барысында студенттерден құралған «Жалын» әншілер тобы, «Теңіз толқыны» ансамблі, «Сафи» студенттік театрының көркемдік қойылымы көрермен көңілін көтеріп, ерекше рухани әсер сыйлады.

UTEBAYEN UNIVERSITY жастары бұл күні азаттықтың асқақ рухын, ел дамуына үлес қосуға деген жігері мен патриоттық сезімін көрсетті.
Сахна төрінде шырқалған ән мен орындалған күй — елге деген сүйіспеншілік пен тәуелсіздікке деген тағзымның көрінісі болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button