Елді мекеннің келешек келбеті бас жоспарда кескінделеді

Облыстық әкімдікте Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сүйінішәлиевтің төрағалығымен сәулет-қалақұрылысы кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда Жылыой, Индер, Махамбет аудандарының аумағында орналасқан Қарағай, Аққала, Аққайың және Ескі Сарайшық ауылдарының  жоспарлау жобасы мен бірлескен жеңілдетілген бас жоспарларының нобайын жасақтау және келісу мәселесі талқыланды.

Облыстық әкімдікте

Бұл жөнінде, алдымен, облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Төлеп Орынбасаров хабарлама жасады. Оның айтуынша, жоғарыда аталған төрт бірдей елді мекеннің бас жоспарының жобалық нобайын әзірлеу шаралары осыдан біраз уақыт бұрын бас-талған. Бұл жұмыспен мердігер мекеме ретінде танылған «Казгипроград-1» ЖШС (жобалау институты) айналысқан. Бүгінгі облыстық кеңес отырысына жүргізілген жұмыстардың қорытындылары ұсынылып отыр. Басты мақсат –аталған ауылдардың жеңілдетілген бас жоспарының  нобайын қарап, кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныс-пікір, сын-ескертпелерді негізге ала отырып келісу, яғни оны болашақта бекітуге рұқсат беру.

Облыстық әкімдікте+1

Келесі кезекте күн тәртібіндегі мәселеге байланысты атқарылған жұмыстар жайынан  жобалаушы мекеме «Казгипроград-1» ЖШС-нің директоры Валентина Баркова мен оның орынбасары Ильяс Темірбаев қысқаша баяндады.

Баяндамадан осы мазмұндас жұмыстардың Аққала, Аққайың, ескі Сарайшық  ауылдары бойынша да жоспарлы да жүйелі түрде жүргізілгендігін білдік. Басқосуға қатысушыларды, әсіресе, бір орыннан екіншісіне көшірілуі жобаланып отырған ескі Сарайшық елді мекенінің бас жоспары қызықтырды. Қазірдің өзінде жаңадан салынатын ауылдың жер аумағы, халқының саны, тұрғызылатын өндірістік, әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық нысандар, т.с.с.  кез келген ауылға қажетті нәрселердің бәрі де жобада ескерусіз қалмаған. Басқаларына қатысты да көрнекі түрде дайындалған ақпараттық материалдар алға тартылып, толыққанды мағлұматтар алуға мүмкіндік туғызылды.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз