«Ел үшін егілемін» азаматтық штабы атыраулық кәсіпорындардың басшыларымен кездесті

img 20210828 wa0088 Жаңалықтар

«Атырау облыстық жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер палатасында «Ел үшін егілемін» азаматтық штабы өкілдері жергілікті кәсіпорын басшыларымен кездесті» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кездесуде ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакцина алудың маңызды екендігі аталып өтті.

«Ол үшін әр кәсіпорын, ұжым коронавирусқа қарс ы вакцина алуы қажет» деген қоғамдық белсенді Рахым Ошақбаев вакцинациялауға байланысты бірқатар шет мемлекеттердің тәжірибесімен бөлісті.

«Қазақстанда вакцина алуға қарсы көрсетілімі жоқ 10 миллион адам бар. Бүгінде 6 миллион адам ғана коронавирусқа қарсы вакцина алған. Қалыпты өмірге оралуымыз үшін екпе алу көрсеткішін жоғарылатуымыз қажет» деді спикер Рахым Ошақбаев.

Кездесу барысында спикерлер вакцина алудың өмірлік маңызы жөнінде ақпараттық жұмысты күшейтуді ұсынды.

Еске сала кетелік, бүгін Атырауға «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының өкілдері келді.

img 20210828 wa0087
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз