«ЕХРО-2017»: Жаһандық жаңғырығу жобасы

 Әлем назарын аударған «ЕХРО–2017» көрмесінің басталуына санаулы ғана уақыт қалды. Орта Азия аймағында, ТМД көлемінде мұндай жобаны алғаш рет жүзеге асыру мәртебесінің Қазақ еліне бұйырғаны – ұлтымыз үшін үлкен жеңіс, зор абырой. Әлемдегі 161 тәуелсіз мемлекет мүшелік ететін халықаралық көрмелер бюросында Қазақ елінің әлеуеті мен арыны, қарымы мен дарыны сарапқа салынды. Ендігі міндет – жаһандық жаңғыртудың жаршысы, индустрияландырудың жарқын көрінісі болған, техникалық және технологиялық жетістіктердің бастауы саналатын шараны абыроймен атқару.

Сонымен …

 Малайзияның жасыл технологиялары «ЕХРО-2017» көрмесіне ұсынылды. Бұл туралы «Астана ЕХРО-2017» сайты жазады. Мамандардың айтуынша, Астанада көрменің өтуі технологиялық ағын мен ғылыми базаның нығаюына септігін тигізіп, Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделін арттыруға мүмкіндік береді. Айта кетелік, Малайзияда энерготиімді құрылыс пен тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, қоғамдық көліктерді дамыту салаларында жаңаша технологиялар сәтті іске асырылып келеді. Халықаралық мамандандырылған көрменің комиссары Рәпіл Жошыбаев Малайзияда кездесулер ұйымдастырып, «МАТТА» ұлттық туристік қауымдастығы және «GreenTech» ғылыми-зерттеу орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойды. «GreenTech» орталығымен ынтымақтастық Астанада БҰҰ-ның жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығын құру аясында ерекше маңызды болып табылады.

Визасыз елдер қатары толықты

 Келесі жылдан бастап Монако, Малайзия, Сингапур және бұдан бөлек 35 мемлекетке визасыз режим қолданылатын болады» деп хабарлайды «Астана ЕХРО-2017» сайты. Бұл шешім Қазақстандағы халықаралық іс-шараларға, әсіресе, Астанадағы «ЕХРО-2017» мамандандырылған көрмесіне шетелдік туристердің келуіне ықпал етеді екен. Ұйымдастырушылардың пікірінше, көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді. «ЕХРО-2017» барысында 3 мыңнан астам тақырыптық және ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады. Яғни, халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу барысында келетін шетелдік туристер қатары ұлғаяды.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).

  Жас еріктілер де қатысады

 Атырау облысынан ерікті ретінде 150 жас тізімге ілінген. Халықаралық көрме кезінде елімізге жан-жақтан туристер ағылатыны белгілі. Сол себепті де, оларға қойылатын басты талап – үш тілді еркін меңгеру. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Жасұлан Бисембиевтен білгеніміздей, жергілікті үш бапкер аптасына бір рет тренингтер өткізіп отыр. Осы дайындықтан өткендер сертификатқа ие болады. Үш тілді меңгерген белсенді жастар халықаралық көрмеге ерікті ретінде баруға мүмкіндік алады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз