ЕАЭО-ДАН ҰТПАСАҚ, ҰТЫЛМАЙМЫЗ – БИЗНЕСМЕН

Экономикамыздың қарқынды дамуы әлемнің дамыған елдерімен, көршілермен өзара алыс-берістің арқасы. Сондықтан, бүгінгі құрылған Одақ осы мақсатта маңызды рөл атқармақ, деді Жамбыл облысындағы «Мыңарал Тас Компани» ЖШС-ның директоры Мұртаза Бұлұтай BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

«Әрине, Қазақстанның әл-ауқаты қуатты болуы үшін басқа елдермен тиімді экономикалық қатынастар орнатуымыз шарт. Ал, енді бүгін жаңадан құрылған Еуразиялық экономикалық одақтың да тиімді жақтарын жете пайдаланғанымыз абзал. Бұл жерде Қазақстан терезесі тең мемлекет ретінде экономиканың барлық саласында дамудың даңғыл жолымен алға қарыштай бермек. Яғни, ЕАЭО-дан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Қарап отырсақ, Еуропаның мықты елдерінің өзі бүгінгі жаһандану заманында өз мүдделерін сақтап қалу үшін экономикалық одақ орнатып алған. Басқа құрлықтарда да аймақтық одақтар бар, бәрі де күш біріктіріп, ел мүддесін қорғау және экономикалық тәуелсіздікті нығайтуды көздеген шаралар. Сол себепті аумақтық интеграциялық үдерістердің мүше мемлекеттерге әкелетін пайдаларын көпшілікке егжей-тегжейлі түсіндіріп берген жөн», – дейді «Мыңарал Тас Компани» ЖШС-ның директоры Мұртаза Бұлұтай.

Естеріңізге сала кетейік, цемент шығаратын «Мыңарал Тас Компани» ЖШС Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Мойынқұм ауданында жүзеге асырылған жобалардың бірегейі болып табылады.

Шынар САҒИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз