Ең тәтті, ең дәмді…

image 15 09 16 01 12 5 Жаңалықтар

Тәттіден бас тарта қояр адам жоқ шығар. Туған күн, үйлену тойы, басқа да салтанатты дастархандардың сәнін келтіріп, тіл үйірер дәмімен есте қалатын тағам, ол – торт. Бұл тіске басар десерт, балалардың ғана емес, ересектердің де сүйсініп жейтін тәттілерінің бірі.

image-15-09-16-01-12-5

 

image-15-09-16-01-12-3

«Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Берекет» мейрамханасында Құрбан айт мерекесіне орай,  бойжеткендерге арналған «Вупи пай», «Қызыл бархат» торттарын пісіруден шеберлік сынып өтті. Шеберлік сыныпты жүргізген – «Берекет» мейрамханасының аспазы – Лаура Бақытбекқызы.

image-15-09-16-01-12-1

Қазір дүкен сөрелерінде торт түрлерінің көптігі сонша, көлемі, дәмі, безендірілуі жағынан бір-бірінен асып түседі. Бағасы қолжетімді болғанымен, өзіңнің ас үйіңде дайындаған тортыңа не жетсін, шіркін! Егер адамның қиялы ұшқыр болса, торттың түр-түрін жасап, оны пайда табу көзіне айналдыруға да болады.

«Тұтынушыларымыздың сұранысы бойынша, қазір шағын торттарды шығарып жатырмыз. Тәтті нан – табиғи өнімдерден жасалған. Құнарлығы мен құрамын таңдау да өз еркіңізде. Өте сіңімді торттар – әлемдік мамандардың өзін де мойындатып отыр» дейді, «Берекет» мейрамханасының аспазы – Лаура Бақытбекқызы.

Тегін шеберлік сынып қатысушылардың көңілінен шықты.

«Осындай шаралар болашақта да көбірек өтіп, тұрса екен»  дейді олар.

image-15-09-16-01-12-2

 Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Суреттер:  Zhasatyrau.kz  сайтынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз