globe700

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын бақылау үшін кемінде 5 жыл керек екенін айтты

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/15 мамыр, 2020 жыл. Адамзаттың өмірі енді ешқашан бұрынғыдай болмайды.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавируспен күрес жөніндегі арнайы өкілі Дэвид Набарро айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC сілтеме жасап.

Дэвид Набарроның айтуынша, адамзат жаңа құндылықтарға бой үйретуі керек. Өйткені адамдардың өмірі коронавирусқа дейінгідей болмайды. «Біз кейбір жерлерде бұл әсіресе қиын екенін білеміз. Бірақ біз демалуды, жұмыс істеуді, қарым-қатынас жасау және жақындарыңмен уақыт өткізуді үйренеміз.

Шын мәнінде, бұл біздің өміріміздің бір бөлігі болады», – дейді Дэвид Набарро Жалпы ДДҰ- ның бағалауы бойынша, жағдай АИТВ-ның пайда болуына ұқсас болады, ғалымдар терапия әдістерін табады, бірақ вирус еш жерде жойылмайды. Коронавирустың таралуын толық бақылау үшін адамзатқа кемінде бес жыл қажет.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған