Жарнама
Жаңалықтар

Депутат: “Қаржы министрлігі халықтың қалтасын жіті бақылауда ұстамақ”

«Ақ жол» ҚДП фракциясы депутаттары дайындаған сауалда Қаржы министрлігінің бастамасы заңмен бекітілген банк құпиясына қайшы келетінін негізге алған, — деп хабарлайды Tizgin.kz.

«КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒУШЫЛЫҚ»

Серік Ерубаев бастаған мәжілісмендер депутаттық сауалды Премьер-Министр Олжас Бектеновке бағыттады. Олар дайындаған құжатта Қаржы министрлігінің азаматтар мен бизнестің банк шоттары, ақша қозғалысы және қалдықтары туралы ақпаратқа мемлекеттік кірістер органдарының толық әрі тұрақты қол жеткізуге мүмкіндік беретін бастаманы алға жылжытып жатқаны жазылды. Осыған байланысты, «Ақ жол» демократиялық партиясына азаматтар мен кәсіпкерлерден мемлекеттік араласудың мұндай әрекетіне алаңдаушылық білдірген өтініштер келіп түсіп жатқан көрінеді.

Өйткені, бұл бастама тек Конституция мен заңдарға қайшы келіп қана қоймай, сонымен бірге азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарына тікелей қол сұғушылық, – делінген құжатта.

ҚАНДАЙ ТАЛАП ҚОЙДЫ?

Депутаттар сөздері дәлелді болуы үшін Конституцияны мысал етті.

Біріншіден, ҚР Конституциясының 18-бабы, әркімнің жеке өміріне қол сұқпаушылықты және салым құпиясын қамтамасыз етеді. Бұл құқықтар тек заңмен және ерекше жағдайларда ғана шектелуі мүмкін. Екіншіден, «Банктер және банк қызметі туралы» заңның 50-бабында банктік ақпаратты ашу жағдайлары қатаң регламенттелген. Ал Қаржы министрлігі, заңға тәуелді актімен, заңның өзін жоққа шығаруды ұсынып отыр. Осылайша, Қаржы министрлігінің бастамасы заңмен бекітілген банк құпиясына қайшы келіп отыр, — деді олар.

Құжатта осындай кемшіліктердің нәтижесінде құқықтық мемлекет қағидаты бұзылатыны, соңында банктік және коммерциялық құпия қорғалмаған ел ешбір инвесторды қызықтырмайтыны көрсетілді. Осының бәрін тізбелей келек, «Ақ жол» ДПК фракциясы Бектеновке бірнеше талап қойды.

Азаматтар мен бизнес шоттарына қосалқы актілер арқылы мемлекеттік кірістер органдарының қолжетімділігіне жол бермей, бұл мәселе қазіргі уақытта Парламентте қаралып жатқан заң жобасы аясында талқылансын; Банктік ақпаратқа қолжетімділікті беру, ешқандай өзге жолмен емес, тек сот шешімдері немесе құзыретті органдардың дәлелді талаптары негізінде ғана қатаң түрде бекітілсін, – делінген құжатта.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button