«ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛЫ» АУЫЛДАН БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және облыс тұрғындарының медициналық көмекке қол жетімдігілігін арттыру мақсатында шілденің 1-31 тамыз аралығында ауыл тұрғындарына арналған «Денсаулық жолы» кең ауқымды акциясы өтуде. Акция кезінде білікті мамандардан жасақталған арнайы топтар шалғайдағы елді мекен тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетеді.

 

Шараны облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырып отыр.

Жалпы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор, осы арқылы туберкулез, қатерлі ісік, ЖИТС, қант диабеті сияқты басқа да кеселдер мен темекі шегу, алкогольді ішімдікке  қарсы насихат жұмысы жүргізіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындарды скринингтік тексеруден өткізудің де көмегі зор. Шараға Жылыой, Мақат, Махамбет, Индер, Исатай аудандарының елді мекендері қамтылып отыр.

Акция Жылыой ауданындағы «Тұрғызба»ауылынан бастау алды.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз