Денсаулық саласында дәрігер тапшы

img 0939 1 Жаңалықтар

Тәуелсіздік алған бастапқы он жыл ішінде Атырауда 500 жуық дәрігер елдегі экономикалық тұрақсыздық жағдайға байланысты өзге салаға ауысып кетті. Қазір он мың тұрғынға шаққандағы халықты дәрігермен қамту көрсеткіші 10,7% төмендеп отыр.

img-0939

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыровтың мәліметіне сүйенсек, биылғы жылы Атырауға медициналық оқу орындарын бітірген 85 жас дәрігер шақыртылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда маман тапшылығын екі есеге азайтып отыр. Қазіргі уақытта 75 дәрігер қажет.

Дегенмен, облыстағы денсаулық сақтау саласының Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктері орасан. Бүгінде облыстық аурухана жүрек ауруларына да күрделі операциялар жасайтын жағдайда.

— Жиырма бес жыл ішінде халықтың жазатайым оқиғалар мен уланудан өлу көрсеткіші 42,4% азайса, облыс тұрғындарының өмір сүру жасының ұзақтығы 72,5 көтеріліп отыр, — дейді А.Жұмыров.

Қазіргі таңда өңірде екі жүзден астам денсаулық сақтау ұйымы халыққа медициналық қызметтер көрсетеді. Тәуелсіздік алған соңғы 15 жыл ішінде  66 жаңа денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді.

Нұрбейбіт Нұғыманов

Atpress.kz сайтынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз