
Жаңалықтар
Дебатшылар өзекті мәселелерді талқылады
Атырау облыстық білім беру басқармасы жанындағы Таланттарды қолдау орталығы 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық іріктеу дебат турнирін ұйымдастырды. Бұл жолғы сайысқа өңірдің 30 мектебінен келген 99 оқушы қатысып, сөз сайысында бақ сынады. Шара ұлттық лицей базасында өтті.

Оқушылар бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын үш тілде – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде талқылады. Жас пікірсайысшылар қоғамдағы түрлі мәселелерге көзқарастарын білдіріп, мамандықтың беделі, спорттық клубтарды жекеменшікке беру, отбасындағы әке мен ер адамның рөлі секілді маңызды тақырыптарды қозғады.
Жарыс нәтижесінде жүлделі орын алған дебатшылар қараша айында өтетін республикалық турнирге жолдама алады.
Еркеназ ҚАЛИЖАН



