DAZN Геннадий Головкиннің басты бес жетістігін атады

02ce6aabc389842ccbfb4fdbb2a3aa0e Жаңалықтар

Atr.kz/9 сәуір, 2020 жыл. DAZN платформасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) 38 жасқа толуымен құттықтап, оның спорт мансабындағы ең үздік жетістіктерін еске алды, деп хабарлайды Sports.kz.

DAZN Головкиннің басты жетістіктеріне мыналарды жатқызады:

– Олимпиаданың күміс медалі

– 2008-2017 жылдар аралығында 23 нокаут топтамасы – орта салмақтағы бұрынғы чемпиондық атақ – титулды 20 рет табысты қорғап шығуы

– орта салмақ тарихында нокауттардың ең жоғары пайызы (89,5%).

Еске сала кетсек, қазіргі кезде Головкин – IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, сондай-ақ IBO нұсқасы бойынша бұрынғы чемпион.

Биылғы қыркүйек айында Геннадий мексикалық Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші рет жұдырықтасады деп күтіліп отыр.

Париматч букмекерлік кеңсесінің бұл айқасқа қатысты болжамы мынадай: «Канелоның» жеңісі – 1.53, Головкиннің жеңісі – 2.4, тең ойын – 19.

Айта кетейік, екеуінің арасындағы бірінші жекпе-жек – тең, ал екіншісі – төрешілердің басым бөлігінің шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталған.

http://atr.kz/bez-rubriki/%d2%9baza%d2%9bstanda-koronavirus-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93andar-727-adam%d2%93a-zhetti-57-adam-infektsiyany-zhe%d2%a3di/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз