Дастин Порье жеңілістен кейін көз жасын тыя алмады (+ВИДЕО)

tass 35404481 Жаңалықтар

Atr.kz/9 қыркүйек, 2019 жылДастин Порье жеңілістен кейін көз жасын тыя алмады, ал Хабиб әкесі мен командасына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов америкалық Дастин Порьені жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы белбеуін қорғады. Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды: Хабиб қылқындыру әдісін қолданды.

Нурмагомедов-Порье жекпе-жегі Абу-Дабиде өтті. Үшінші раундта дағыстандық «Қыран» қарсыласын тізе бүгуге мәжбүр етті.

Бұл Нурмагомедовтің 28-ші жеңісі, ал америкалық «Гауһар» Порье алтыншы рет жеңіліс тапты, ол 25 жекпе-жекті жеңген. 

«Мен Дастиннің қайырымдылықпен айналысатынын білемін. Мына футболканы сатып, түскен қаражатты Дастин басқаратын қорға қайырымдылыққа беремін. Біз аралас жекпе-жектің не екенін және біздің спортта неге басымдық берілетінін көрсеттік. Бұл құрмет. Жетістік құрметтің арқасында ғана келеді», – деді Нурмагомедов жекпе-жектен кейін.

large

Ол әкесіне, жаттықтырушысы мен командасына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Мен өте жақсы дайындалдым. Үйге барып, отбасыммен бірге уақыт өткіземін. Осы спортта қол жеткізген жетістіктеріммен мақтанамын, бірақ қазір маған бәрін ойластыруға уақыт керек», -деп түсініктеме берді ол.

Хабиб жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық титулын екінші рет қорғады. 2018 жылдың қазан айында ресейлік ирландиялық Конор МакГрегорды жеңген болатын.

Дереккөз: «Спутник – Қазақстан»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз