Жарнама
Жаңалықтар

Дәрістің берер пайдасы мол

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары Атырау қаласы және аудандардағы колледж студенттеріне, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына және әуесқой балықшыларға дәрістер оқып, түсіндерме жұмыстарын жүргізді.

Онда негізінен балық аулау қағидаларын, кәсіпшілік балық аулау мөлшерін, қауіпсіздік ережелерін сақтау, браконьерлікке қарсы күрес шараларын жүргізу жолдары мен тәсілдері, осы бағытта  инспекция тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Сонымен қатар қадағалаушы мемлекеттік мекеменің мамандары қойылған сауалдарға жауап қайтарды.  

Инспекцияның балық шаруашылығы, мониторинг және цифрландыру бөлімінің бас маманы Алмас Жұмашевтің айтуынша, мұндай іс-шаралар өңірдегі басты табиғат байлықтарының бірінен саналатын «су маржандарын» аулаумен бірге оны қорғап, қорын молайтудың маңыздылығын түсініп, ортақ іске үлес қосуға үндейді.

Бұл жолы да оқу орындары мен мектептерде білім алушы жастардан бөлек, 300-ге жуық әуесқой балықшының қатысуы қамтамасыз етілді. Осылайша, қатысушылардың бәрі де өздеріне қажетті ақпараттар мен толғандырған сұрақтарынына толыққанды жауап алды.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button