Дариға Назарбаева Сенат спикерлігіне сайланды

photo 132039 Жаңалықтар

Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл. Дариға Назарбаева жасырын дауыс берудің нәтижесінде ҚР Парламенті Сенатының төрайымы болып сайланды.

 «Елді дамыту стратегиясы мен қойылған мақсаттарды заңнамалық қамтамасыз ету – бірінші кезекте адамдардың өмірін жақсартуға, Қазақстан мемлекетін нығайтып, өркендетуге бағытталған. Сіздерге маған көрсеткен жоғарғы сеніміңіз үшін тағы да алғысымды білдіріп, өзімнің барлық білім, қабілетімді алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге жұмсаймын деп сендіремін», –  деп атап өтті Дариға Назарбаева.

20190320144329

Айта кетейік, Дариға Нұрсұлтанқызы бұған дейін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы болған. Ол 1963 жылғы 7 мамырда туған, қазақ, білімі жоғары. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы. Саясаттану ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты. «Парасат», II дәрежелі «Барыс», Француз мемлекетінің Әдебиет және өнер ордендерімен, «Нұр Отан» ХДП-ның «Белсенді қызметі үшін» медалімен, ҚР Конституциялық Кеңесінің «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалімен және мерекелік медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз