Даналықтың дара жолы

Бүгін – Тұңғыш Президент күні 1 Жаңалықтар

Ширек ғасырлық уақытта тәуелсіз Қазақ елінің тарихы жасалды. Әрине, егемендік дәуірі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың толқынды теңіздегі алып кеменің бағытын қолға алуымен басталды. Шекарамызды шегендеп, айбынды армия құрған, алыс-жақын елдермен тығыз байланыс орнатып, бүгінде Қазақстанды әлем мойындаған мемлекетке айналдырған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дара жолы осылайша өрелі тарихпен өрілді.

Демек, «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» – ел тарихындағы маңызды мереке. Бұл – біздің Тұңғыш Президентімізге, ел тарихына және тәуелсіздігімізге деген құрметіміз. Әдетте, шетелдік сарапшылар мен қайраткерлер «Қазақстанның қарқынды дамуының ең негізгі факторы – Н.Назарбаев», «Ол – елдің жаңа тарихындағы заманауи дәуірдің нышаны», «Бүкіл түркі әлеміндегі жасампаздықтың жарқын көрінісі»  деп баға беруде. Мұның барлығы  әлемнің дамыған елдері ғасырлар бойы жүріп өткен жолын Қазақстанның қысқа мерзімде ғана еңсергенін тағы бір мәрте дәлелдей түседі.

%d0%b1%d2%af%d0%b3%d1%96%d0%bd-%d1%82%d2%b1%d2%a3%d2%93%d1%8b%d1%88-%d0%bf%d1%80%d0%b5%d0%b7%d0%b8%d0%b4%d0%b5%d0%bd%d1%82-%d0%ba%d2%af%d0%bd%d1%96

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз