Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Жарнама
Жаңалықтар

Дәлізде құлаған науқасты дәрігерлер құтқарып қалды

Жуырда Атырау қалалық №4 емхананың екінші қабатындағы дәлізде орта жастағы ер адам кенеттен есінен танып, құлап қалған. Оқиға болған сәтте емханада қабылдау жүргізіп жатқан медицина қызметкерлері жағдайға жедел араласып, дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, учаскелік дәрігерлер Ғалия Тұяққалиева, Дулат Әбдікерімұлы, Эркен Хадиметов, бөлім меңгерушілері Айзада Жандалиева, Ақмарал Әбисатова, аға мейірбике Толқын Құспанова, сондай-ақ мейірбикелер Гүлнұр Самиғолла, Алма Үркешбаева, Арайлым Қапсәлім, Әсел Далабаева, Асылай Үмбетьярова, Эльмира Есенғалиева жедел түрде кәсіби әрекет етті.

Науқасты тексеру барысында тыныс алу белгілері мен жүрек соғысының болмағаны анықталды. Алдын ала клиникалық көрініс этиологиясы белгісіз кома немесе клиникалық өлім жағдайына сәйкес келген.

Ақ халаттылар бекітілген алгоритмге сай жедел медициналық көмекті толық көлемде көрсетті. Жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді, қажетті дәрілік екпелер салынып, ылғалдандырылған оттегі берілді.

Уақытылы әрі кәсіби көрсетілген көмектің нәтижесінде науқастың тыныс алуы мен жүрек соғысы қалпына келтірілді. Одан әрі ол шақыртылған жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, стационарлық ем алу үшін медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазір пациент Атырау облыстық кардиологиялық орталығында ем қабылдауда. Науқасқа қажетті ота жасалып, жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button