
Дала төсі дүбірге бөленді
Жылыой ауданында Республика күні қарсаңында ұлттық дәстүр мен еңбек адамын ұлықтауға арналған ұлттық спорттың бірі – Аламан бәйге ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Додаға еліміздің әр өңірінен келген шабандоздар мен 70-тен астам тұлпар қатысып, Аламан бәйге – 33 км , Топ бәйге – 24 км, Құнан бәйге – 6 км, Тай жарыс – 3 км, Ұшқыр бәйге 3 км қашықтықта өтті.

Жылыой ауданының шабандозы, 10 жасар Шәкәрім Тәжі Аламан мен Құнан бәйгелерінен топ жарып, Тай жарыстан екінші, Топ бәйгеде үшінші болып мәре сызығын кесті.

-Кішкентайымнан атқа мінуді үйретіп, көптеген жарысқа дайындаған ағама ризашылығымды білдіргім келеді. Жеті жасымнан бері түрлі бәйгеге қатыстым. Осыған дейін Астана қаласында, Маңғыстауда жүлдегер атандым, — деді Ш.Тәжі.

Ауданда дәстүрлі түрде өткізілетін бәйгенің жалпы жүлде қоры – 21 миллион теңге.






