
Цифрлық толқын әр үйге жетті
Атырау облысында цифрлық эфирлік телехабар тарату желісін дамыту бағытында тағы бір маңызды қадам жасалып, Исатай ауданының Аққыстау ауылында жаңа радиотелевизиялық станция іске қосылды.
Аққыстау станциясының жұмысқа қосылуының нәтижесінде Исатай және Махамбет аудандарының 14 елдімекеніндегі шамамен 24 мың тұрғын заманауи цифрлық телехабар тарату қызметіне қол жеткізді.
Бұл нысан – Атырау облысы аумағында жүзеге асырылған ЦЭТТ жобасы аясында салынған 18-ші және соңғы цифрлық радиотелевизиялық станция. Осылайша, өңір толықтай цифрлық эфирлік телехабар таратумен қамтылды.
Айта кету керек, 2026 жылдың 1 желтоқсанынан бастап облыс аумағында аналогтық телехабар тарату толық тоқтатылады. Сондықтан тұрғындарға 10 отандық телеарнаны тегін көру үшін алдын ала дециметрлік антенна сатып алу ұсынылады.
Қосымша сұрақтар бойынша 193 немесе +7 (800) 080 01 93 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.
Сурет: ortcom.kz


