«Бүгінгі жеткен жетістігімнің бәрі – анамның тәрбиесінің арқасы»

img 20220305 wa0080 Жаңалықтар

Полиция аға лейтенанты Берік Жандарбек: «Бүгінгі жеткен жетістігімнің бәрі – анамның тәрбиесінің арқасы».

8 наурыз жақындаған сайын жүректегі толқу да күшейе түседі. Себебі, бұл күн – барлығымыз үшін ерекше күн! Барша әйелдер қауымының асыға күтетін мерекесі ең алдымен асыл жан ананы құттықтаумен басталуы керек шығар.Ананың алдындағы борыш ешқашан өтелмек емес. Атырау Қаласы Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Берік Жандарбек анасына деген жүрек жарды тілегін білдірді.

  • Анама деген құрметімді күнделікті іспен білдіруге тырысамын, әрдайым қуантып жүруге жұмысымда және өмірде жақсы жаңалықтары әрдайым ең бірінші анамен бөлісуге үйге асығамын. Баласының шені өскен, ана үшін үлкен бақыт деп ойлаймын. Бала кезімде айтқан ақылдарын қазір түсінгендіктен, қазіргі уақытта айтып жүрген ақылдарын тыңдап жүремін. Ана баласынан қасында жүрген шынайы дос қайсы екенін алыстан таниды деуші еді сол кезде балалықпен дұрыс қабылдамай қолымды бір сілтейтінмін, қазір анамның айтқан сөздері дәл келіп жатыр өскен сайын анадан жақын адам жоқ екенін түсінді екенсің. Анасы бар «адамдар ешқашан қартаймайды» деп бекер айтылмаған. Анама алғысым шексіз, оқуымды бітіртіп офицер етіп тәрбиелегеніне. Жұмысқа кеткенде аман есен келсінші деп уайымдап отыратын анашым деп білемін. Бұл өмірде анамыздың дұға тілектерін арқасында жүрміз деп ойлаймын-деді, полиция аға лейтенанты.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз