Жарнама
Жаңалықтар

Бүгін — Кітапханашылар күні

24 қазанда елімізде Кітапханашылар күні аталып өтіледі. Осыған орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Министр өз құттықтауында кітапханалардың қоғамдағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, кітапхана — ұлттың рухани дамуының тұғыры әрі білім мен мәдениеттің басты қайнары.

«Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Сондықтан біз білім мен ғылымға ұмтылған қоғам қалыптастыруға ұдайы күш салуымыз қажет», – деді министр.

Қазіргі таңда Қазақстанда 12 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейді. Оның 4 мыңға жуығы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағында. Сонымен қатар мектептер мен колледждерде, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында да кітапханалар қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға зор үлес қосып отыр.

Еліміз бойынша бұл салада 20 мыңға жуық кәсіби маман еңбек етуде.
Министр олардың қажырлы еңбегінің арқасында әрбір азаматтың білімге, мәдениет пен рухани байлыққа қол жеткізіп отырғанын атап өтті.

«Алдағы уақытта да ұлт болашағын тәрбиелеу, қоғамның мәдени деңгейін көтеру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы қызметтеріңіз жемісті болсын», – деді Аида Балаева өз құттықтауында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button