Бүгін Әл – Фараби мен Абай үлкен экранға жол тартады

0 8 Жаңалықтар

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және ғұлама ойшыл, «Әлемнің екінші ұстазы» атан­ған Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай қалың көрерменге 6 бөлімді «Абай» және 7 бөлімнен тұратын «Әл-Фараби» теле­хи­каяларын ұсынбақ.

Ұлттың ұлы тұлғаларын экран арқылы дәріптеу – дәуір талабы. Өскелең ұрпақ жаһандану заманына бет бұрған тұста, өз ұлтының мақтаныштарын білуге міндетті.

«Қазақстан» корпорациясы Ұлы дала дүниеге әкелген Абай мен Әл-Фара­бидің өмір жолын, өскен ортасы мен заманын, өз уақытынан оза туған ғұламалығын жас ұрпаққа мазмұнды етіп насихаттауды бас­ты мақсат етіп отыр.

Дереккөз: egemen.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз