ҰБТ-ның ЖАҢА ФОРМАТЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында 2015 жылдан бастап екі кезеңнен тұратын тестілеуге көшу қарастырылған.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді келесі екі кезеңге бөлу ескерілген: Ұлттық тестілеу (ҰТ) және Кешенді тестілеу (КТ).

«Бірінші кезеңде (ҰТ) логикалық тест тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылық тексеріледі. Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу жыл сайын өзгертілетін 5 пән бойынша өткізіледі. Бітірушілердің ойларын сауатты жеткізуін тексеру мақсатында эссе жазғызу қарастырылады», – делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Екінші кезеңде (КТ) талапкерлер ЖОО-ға тәуелсіз тестілеу арқылы таңдаған мамандығына сәйкес екі пәннен құралған блокты тапсырады.
Тестілеу заманауи ақпараттық инновациялық технологиялар арқылы өткізіледі.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз