Бизнеске – кең өріс

Бизнеске – кең өріс Жаңалықтар

Бизнеске – кең өріс«Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалында кәсіпкерлерге арналған «Ашық есік» күні өтті. Шараны партия филиалы мен Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.
Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өткен жиынға әртүрлі сала мамандары, мемлекеттік орган қызметкерлері мен екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты. Келушілерге тегін кеңес беріп, кәсіпкерлер кезіккен кедергілерден шығудың жолын көрсетті.

Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Ақан Қайырғалиевтың айтуынша, «Ашық есік» күнін ұйымдастыру бизнес өкілдері үшін тиімді. Сондықтан, шараны тұрақты өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналған.
«Ашық есік» күні – кәсіпкерлер үшін зор мүмкіндік. Себебі, олар өздерін мазалап жүрген мәселелерді мамандар алдында ашып айтып, сауалдарына жауап ала алады. Шараның негізгі мақсаты да осы. Елімізде кәсіпкерлікті дамытуға зор мүмкіндік беріліп отырғандықтан, құзырлы органдар жан-жақты жұмыс жасауда. Шараға кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы басқармасы, мемлекеттік кірістер департаменті, екінші деңгейлі банктер, тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері де қатысты» деді ол.
Мәлике МӘЛІК.
Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.


Нұрлыбек ТЕМІРХАНОВ,
«IТ сервис» ЖК басшысы:

– Шара аясында көптен мазалап жүрген сауалдарға жауап алдым. IТ саласымен айналысқаныма үш жыл болды. Ісім біртіндеп алға жүріп, шет елден инвестор тарту ойымда бар.
Мамандардан «өзге елден қаржы түскен жағдайда салық төлеуге міндеттімін бе?» деп сұраған болатынмын. Олар «табыс бизнестен тыс жағдайда болса хабарлау керек» деді. Ал, бизнес аясындағы табыс деп есептелсе, онда мемлекеттік кірістер департаменті бұдан хабардар болатынын айтты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз