Биыл Атырауда 6,5 мың тұрғын үй салынады

1 1 Жаңалықтар

Аtr.kz/4 мамыр, 2020 жыл. Атырау облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 800 мың шаршы метр немесе 6,5 мың тұрғын үй салу міндеті тұр.


Биылғы І тоқсанда салаға 8,1 млрд. теңге инвестиция бағытталып, жалпы ауданы 149,6 мың шаршы метр болатын 1287 тұрғын үй пайдалануға берілді.


Жалпы биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Атырау облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 20,3 млрд. теңгеге 95 жоба іске асырылып, 925 адам жұмыспен қамтылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз