Жарнама
Жаңалықтар

Бірнеше банк ипотека беруді тоқтатты

Қазақстанда бірқатар банк ипотекалық несиеге өтініш қабылдауға уақытша тоқтау салды. Бұл өзгеріс Ұлттық банктің 10 қазанда базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтеруінен кейін орын алды. Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім ел экономикасына, әсіресе тұрғын үй нарығына тікелей әсер етіп отыр.

“Крыша” порталының хабарлауынша, 14 қазаннан бастап Altyn Bank екінші нарықтағы тұрғын үйлер бойынша ипотекаға өтінім қабылдамайды, тек жаңа үйлерге арналған серіктестік бағдарламалар арқылы несие береді. “Банк ЦентрКредит” техникалық себептермен барлық ипотекалық бағдарламаны уақытша доғарып, тек “7-20-25” мемлекеттік бағдарламасы бойынша ғана өтінім қабылдауда. “
Нұрбанк пен ForteBank те ипотека беруді және жаңа өтініштерді қарауды тоқтатты.

Freedom Bank тек сол банк арқылы жалақы алатын клиенттер мен холдинг қызметкерлерінен өтінім қабылдап отыр. Басқа клиенттер үшін ипотека берілмейді, тек серіктес құрылыс салушылардан жаңа пәтер алуға мүмкіндік беретін “Каскад” бағдарламасы қолжетімді. Halyk Bank екінші нарықтағы тұрғын үйлерге ипотека рәсімдеуді тоқтатты.

Мамандардың айтуынша, базалық мөлшерлеменің көтерілуі банктердің қарыз қаражатын алу құнын арттырды. Соның салдарынан несие беру кезінде банктердің маржасы күрт төмендеп, ипотекалық бағдарламалар, әсіресе қайталама нарықта, экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып қалды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Сурет: Informburo.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button