52388800 303

Атырауда вирус жұқтырған бесінші адам анализ алған медбике болып шықты

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/28 наурыз, 2020 жыл. Анықтамаларға сәйкес, медбике 17 наурыз күні «Алматы-Атырау» бағытында келген қыз баладан қан сынамасын алған.

Бүгін жергілікті тұрғында коронавирустық инфекция расталды.

Белгілі болған бесінші науқас қалалық үшінші емхананың қызметкері болған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі таңда коронавирус жұқтырған науқаспен 27 байланысушының бар екендігі белгілі болды. Олардың барлығы оқшауланып, карантинге жатқызылды.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасына сәйкес, қалалық №3 емхана 30 наурыз, дүйсенбіден бастап қашықтықтан жұмыс режиміне көшеді. Медициналық мекемеге жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізілмек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған