Береке ауылында №5 су сүзгі станциясының тазарту қондырғалары жаңғыртылуда

screenshot 12 Жаңалықтар

2022 жылдың 3-ші тоқсанынан бастап Атырау қаласы, Береке ауылында орналасқан Жайықтың сол жақ жағалауындағы «№5 су сүзгі станциясының» қайта жаңғырту құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы Атырау қалалық Құрылыс бөлімінің мемлекеттік мекемесінің өндірістік-техникалық секторының бас маманы Нұрболат Бөлеков мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Өткен жылы Жайық өзенінің тартылуына байланысты қала әкімі Мейірім Қалауидың тапсырмасының орындалысына сәйкес, аталған нысанда қосымша қалқымалы сорғы станциясын қарастыру және сыртқы электрмен жабдықтау жобасын қоса қарастыруға байланысты жобалау сметалық құжаттамасына өзгерістер енгізіліп жатыр. Қазіргі уақытта сараптаманың қортындысын күтіп отырымыз. Құрылыс монтаждау жұмыстарын бастапқы бекітілген жұмыс жүргізу жоспарына сәйкес осы жылдың 4-ші тоқсанында аяқтау жоспарланған, алайда жобалау сметалық құжаттамасына өзгерістер енгізіліп, қосымша құрылыс жұмыстары пайда болуына сәйкес нысан 2024 жылға созылуы ықтимал. Су тазарту қондырғысының өнімділігі тәулігіне 50 метр куб,- деді Н.Бөлеков.

Оның айтуынша, қайта жаңарту жұмыстары осыған дейін «Ауыз су» мемлекеттік бағдарламасы аясында бастау алған. Кейін жоба бітпей қалған нысандар қатарына енді. Қазіргі күні жаңғырту жұмыстары «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асып жатыр. 

Айта кетейік, бастапақы жобаның құны 9,3 млрд теңгені құраған. Жоба бітпей қалған нысандар қатарына енуіне байланысты қазіргі таңда жобалау сметалық құжаттамасына түзету енгізіліп жатыр. Осыған  байланысты жобаның құны өзгеретін болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз