БЕЛСЕНДІЛЕРГЕ – ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Қазақстан кәсіподағына 110 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Шараға қатысушыларды Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов құттықтады.

Мерекелік құттықтауына қоса жылы лебізін жеткізген аймақ басшысы бір топ кәсіподақ белсенділеріне өзінің атынан Алғыс хаттар тапсырды. Олардың қатарында «Қазақстан-Атырау» телерадиокомпаниясы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Слухия Қаттарқызының, Құрманғазы ауданы білім беру қызметкерлері салалық кәсіподақ  ұйымының төрағасы Әуез Изжановтың және облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Жаңабай Сағиевтің есімдері аталды.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Сағындық Лұқпанов белсенді қызметтерімен ерекшеленген кәсіподақ ұйымдарының өкілдеріне де Алғыс хаттарды табыстады. Бұдан кейін «Атырау облысының кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Диас Сұлтанов сөз алып, ол да әріптестерінің бір тобына мерекелік марапаттарын ұсынды.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ.

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз