БЕЛГІСІЗ ЖӘНДІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮРЕЙІН ТУҒЫЗДЫ (ФОТО)

9746644 Жаңалықтар

Atr.kz/5 сәуір, 2019 жыл. Atr.kz/5 сәуір, 2019 жыл. Бұрын-соңды ешкім көрмеген жәндік Ақтаудағы көпқабатты үйдің қабырғасына өрмелеп бара жатыпты…

Ақтау тұрғыны белгісіз бір жәндікті фотоға түсіріп алды. Алтыншы шағын аудандағы №10 көпқабатты үйдің қабырғасында өрмелеп бара жатқан жәндікті тұрғындар бұрын-соңды көрмеген екен. Ақтаулықтардың бірі беймәлім тіршілік иесін суретке түсіре қойып, басылымның редакциясына жолдайды.

Басылым оқырмандарының бірі жазғандай, суреттегі белгісіз жәндік шегірткенің бір түрі болуы әбден мүмкін.

«Осныдай жәндікті даладан көргенмін. Шегірткенің бір түрі», – деп жазды ол.

Енді Ақтау тұрғыдарын толғандырған сауалға мамандар ғана нақты жауап бере алады.

9746644

Тұрғындардың зәресін алған белгісіз жәндік – осы!
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз