БАСТЫ МАҚСАТ – ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ

Елбасының ұсынған «Біртектілік пен бірлік» атты төртінші институционалды даму реформасының басты мақсаты – қоғамдық келісім. Бұл туралы сенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ел алдындағы мақсаттардың бірі – азаматтық сана-сезімді қалыптастыру. Ол негізгі төрт бағыт бойынша дамымақ.

Біріншіден, қазақстандық біртектілік азаматтық қағидаттар негізінде дамитын болады. Екіншіден, жалпы азаматтық құндылықтардың өзегі «Мәңгілік ел» болуы керек. Жаңа азаматтық біртектіліктің басымдығы – тарихи жетістіктердің айналасында бірігу. Үшіншіден, үштұғырлы тіл біз үшін өте маңызды. Төртіншіден, барлық жұмыстар «Мәңгілік ел» жаңа формациядағы буынды қалыптастыруға  бағытталады.

«Барлық дамуымыздың, экономикалық болсын, әлеуметтік салада болсын, негізгі қағидаты – халық бірлігі болғанын айта кету керек. Бүгінде ол мақсат орындалды – халықтың 95 пайызы біз тәуелсіз Қазақстанның азаматтарымыз деп санайды. Енді оны осы төрт бағытта жаңаша тұрғыда реформалауымыз шарт», – деп атап өтті Е.Тоғжанов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз