БАСШЫЛАРҒА ҚҰРЫҚ САЛА БАСТАДЫ

Киев қаласының Шевченко аудандық соты Қырымның қазіргі басшылары Сергей Аксенов пен Владимир Константиновты тұтқындау туралы шешім қабылдады. Одан бөлек, Украинаның Бас прокуратурасы Ресей Федерациясы Қара теңіз флотының қолбасшысына қатысты қылмыстық іс көтерді.

 

Осыған байланысты елдің қауіпсіздік қызметіндегілерге Қырым Автономиялы Республикасы Жоғары Радасының төрағасы В.Константиновты және депутат С.Аксеновты қамауға алу жөнінде тапсырма берілді. Ал, РФ Қарулы Күштерінің офицері Александр Виткоға отанына сатқындық  жасаған, сондай-ақ украиндық әскерилерге қатысты диверсиялық әрекеттерді ұйымдастырған, деген айып тағылып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз