Басқармаға жаңа басшы

2021 05 14 123839240000 Жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің өкімімен Ерлан Асылбекұлы Назаров облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Назаров Ерлан Асылбекұлы 1983 жылы Қызылорда қаласында туған. Білімі – жоғары: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын, Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін, сондай-ақ АҚШ-тағы Дьюк университетін тəмамдаған. Еңбек жолын Қызылорда облысы бойынша Статистика департаментінде бастаған. Қызылорда облысында түрлі лауазымдарда қызмет еткен. Солтүстік Қазақстан облысы кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасы басшысының орынбасары болған. 2013-2015 жылдары – Қызылорда облысының Сыртқы байланыстар басқармасының басшысы. 2015 жылы ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2017-2019 жылдары Ақтөбе облысының индустриалдыинновациялық даму басқармасына, 2 0 1 9 – 2 0 2 0 ж ы л д а р ы А қ т ө б е облысының кəсіпкерлік басқармасына басшы болды. Қазіргі лауазымға тағайындалғанға дейін бизнес-құрылымдарда басшылық қызмет еткен.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз