Баспасөзі мықты елдің болашағы зор

snimok 11 Жаңалықтар

Бұқара мен билікті байланыстыратын алтын көпір. Төртінші билік кілдері. Әзірге арнайы мәртебесі анықталмаса да, әдетте бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне қатысты осындай теңеулер айтылады. Бұдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп баға берген еді. Бұл ұлағатты сөзді қазір тек мерзімді басылымдарға ғана емес, электронды ақпарат құралдарына, ақпарат агенттіктеріне қатысты да қолдануға болады. Журналист болу үшін кәсіби біліктілікке қоса, батылдық пен табандылық керек. өзгенің мәселесіне жанашырлық танытып, әрбір іске жауапкершілікпен қарайтын, жұрт жұмысына жегіліп, елдің кем-кетігін түгендеуге талап қылатын, қоғамдағы түйткілдерге парасат биігінен көз салатын және ұлттық деңгейде ойлай білетін журналисті бүкіл халық құрметтейді. Кәсіби мереке иелері өздеріне жүктелген осынау мерейлі міндетті абыроймен атқарып, сенім биігінен көрініп, ел үмітін ақтау жолында тынымсыз еңбектеніп келеді.

Нұртөре ЖҮСІП, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: Журналистер ақпаратты бірінші кезекте таратуы тиіс.

– Бұл мəселе Парламент төрінде, елдегі түрлі медиа форумдарда жиі көтеріліп келеді. Журналист мəртебесін көтеруге байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің пікірін білдірген болатын. БАҚ қызметкерлерін əлеуметтік жеңілдіктер алу жағынан мемлекеттік қызметшілерге теңестіру, қызметтік міндеттерін атқару кезінде бірқатар жеңілдіктер беру туралы да біраздан бері сөз болып келе жатыр. Бұл үшін «Бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік қолдау туралы», «Журналист мəртебесі туралы» немесе «Журналистерді қорғау» туралы арнайы заңдар қабылдау қажет деген ұсыныстар да айтылды. Иə, қолданыстағы «БАҚ туралы» заңға өзгерістер енгізу керек деген де пікірлер бар. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға түзетулер енгізіліп, журналистерге д е п ə т е р а л у д а ж е ң і л д і к т е р қ а р а с т ы р ы л у ы к е р е к д е г е н ұсыныстар айтылды. Таяуда Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Аида Балаева «БАҚ туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі деп мəлімдеді. Сондықтан сол заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға əріптестеріміз белсенді түрде араласуы қажет деп есептеймін. Ж у р н а л и с т і ң м ə р т е б е с і н белгілеуде мемлекеттік жəне жекеменшік деп бөлместен, бəріне ортақ əлеуметтік жеңілдіктер жасалуы қажет. Өмірде құзырлы орындардың тілшілерді қақпайлауы, қойылған сауалдарды жауапсыз қалдыруы жиі байқалады. Пандемия кезінде журналистер қажетті ақпаратты бірінші кезекте алып, таратуы тиіс. Дегенмен күнделікті өмірде олай болмай жатады. Тілшілер құзырлы органдар мен мекеме басшыларының сұрақтарға уақытылы жауап бермейтіндігіне қатысты жиі шағымданады. Мұндай жағдай БАҚ қызметкерлерінің кəсіби міндетін атқаруға кедергі келтіретіні анық. Соның салдарынан кейде тексерілмеген, нақтыланбаған, теріс ақпараттар да тарап жатады. Осы ретте журналистерге мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетіп, кəсіби құқықтарын заң жүзінде қорғау маңызды.

Сəлімжан НАҚПАЕВ, ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты: Кадр тапшылығы туындауы мүмкін.

– Биылғы наурыз айындағы жұмыс сапарым аясында атыраулық журналистермен кездестім. Сол кезде түрлі сауалдар қойылып, бірқатар мəселелерді талқылаған едік. Соның ішінде қалам ұстаған қауым өкілдері өздерінің мəртебесіне қатысты аманаттарын да айтқан болатын. Тəуелсіз Қазақстанның бұл саладағы болашағы мен дамуының жағдайын ойласақ бұл мəселе күн тəртібінен түспейді. Себебі журналиске ерекше мəртебе беру дамыған қоғамның ілгері басуына зор əсер етеді. Расында, «БАҚ туралы» заңға қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізетін уақыт жетті. Осы кезге дейін идеология майданында жүрген жауынгерлердің мəртебесі анықталмаған. Аталған мəселе оң шешімін таппаса, бірер жылда БАҚ қызметкерлеріне деген тапшылық туындауы мүмкін. Себебі, аға буын əріптестерінің талай жылдан бері əлеуметтік-тұрмыстық жағдайы оңалмағанын көрген жастардың салаға құлшынысы да азаяды. Осы тұста, елдегі оқу орындарында əзірленіп жатқан мамандарды дайындаудың сапасына да көңіл бөлінуі керек. БАҚ қызметкерлерінің мəртебесі жөнінде сөз болғанда, ең алдымен, олардың еңбекақы мөлшерін де ескеру керек. Себебі, пандемия басталған тұста алдыңғы шепте дəрігерлермен қатар журналистер де жүрді, ауру өршіп тұрған жерден жедел хабар таратты. Мұндай жанкешті еңбек ескерусіз қалмауы керек.

Жанарбек ƏШІМЖАН, ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты: Арқалағаны – алтын, жегені – жантақ.

– Д а ң қ т ы қ а л а м г е р , ұ л т т ы қ журналистиканың ұстазы, бірнеше буынды тəрбиелеп шығарған Шерхан Мұртаза ағамыздан қалған «Журналистің арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» деген сөз қалған. Мұны неге айтып отырмыз? Жақында маған Қазақстанға аты мəлім бір топ журналист өздерінің əлеуметтік мəселесіне назар аударуымды өтініп, арнайы хат жолдады. Расында, еліміздегі кəсіби журналистердің еңбегін талдап, таразыға тартып жатпайын. Шіліңгір шілде мен қақаған қаңтарда, жыл он екі ай сапарда жүріп, қоғамдықəлеуметтік жағдайларды жіті зерттеп, түрлі орталарда болып, ел-халыққа ақпар жеткізіп, жанкешті еңбек етіп жүрген тілшілер қауымының əлеуметтік ахуалы шын мəнінде алаңдатарлық. Қаншама сын-қатерлермен бетпе-бет келуде. Алысқа бармай-ақ, соңғы жыл жарымда күллі əлемнің есін екеу, түсін төртеу етіп, адамзат баласын бір тарының қауызына əкеліп тыққан індет кезінде қатермен бетпе-бет келіп, күндіз-түні дəрігерлермен бірдей алдыңғы шепте тəуекелге барып, еңбек еткен дəл осы журналистер. Қоғамдағы ақпарат-насихат жұмыстарында, идеологиялық кеңістіктегі менің ардақты əріптестерімнің атқарып жүрген миссиясы сұрапыл! БАҚ қызметкерлері арасында журналистердің əлеуметтік мəртебесін айқындау мəселесінің көтеріліп жүргеніне біраз жыл болды. БАҚ өкілдері өз саласын «мəртебесі жоқ мамандық» деп атайды. Мемлекеттік, квазимемлекеттік, жекеменшік БАҚ өкілдері ретінде ғана бөлініп, құрылтайшы жəне редакциялық саясат деңгейінде ғана белгілі бір мəртебеге ие. Қолданыс аясындағы заңдар БАҚ өкілдерінің кəсіби қызметін ғана реттейді. Ол жерде əлеуметтік мəртебесі қарастырылмаған. Сондықтан БАҚ өкілдеріне мемлекеттік қызметші, мұғалімдер, ІІМ қызметкерлері, əскерилер сияқты арнайы мəртебе берілсе үлкен шаруаның біткені болар еді. Əлемнің көптеген елдерінде заңмен реттеліп, əлеуметтік мəселесі шешілуіне қатысты тетіктер жолға қойылған. Мысалы, Түркияда журналистерге белгілі бір еңбек өтілінен кейін сары карточка беріледі. Журналист ол арқылы таксиге, қоғамдық көліктің бар түріне тегін мінеді, бүкіл мемлекеттік, қоғамдық мекемелер, мұражай-көрмелердің де есігі ашық. Осыған ұқсас қолдау қазақстандық журналистер үшін де маңызды. Журналистер қауымының арқасын аяздай қарып жүрген басты мəселе – баспана тауқыметі. Айлығы шайлығынан аспайтын, бала-шағасымен пəтерден пəтерге көшіп, жанын жалдап жүріп отбасын асырап қана қоймай, қоғамдық-саяси өмірдің барометрі болып жүрген тілшілер қауымы заңды түрде ешқандай санатқа жатпайды. Сол себепті мемлекеттік қызметшілер, дəрігерлер, мұғалімдер, полиция, қауіпсіздік қызметкерлері, өзге де əлеуметтік сала өкілдері секілді мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, баспанаға қол жеткізе алмайды. Осы ретте, онсыз да кəсібін көлденең көк аттылар иемденіп жүрген журналистерге Үкімет тарапынан заңды түрде арнайы мəртебе беріп, ресми түрде мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, бірінші кезекте тұрғын үй алуын қолдау қажет. БАҚ өкілдері қазіргі кезде мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін баспанаға қол жеткізуде түрлі кедергілерге тап болуда. Тұрғын үй алуға лайықталған бағдарламалар талаптарының əртүрлілігінен қиындықтар шаш-етектен. Мысалы, квазимемлекеттік, жекеменшік ЖШСтерге қарасты, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған жəне жас ерекшеліктеріне қарай БАҚ өкілдері ешқандай республикалық, өңірлік бағдарламаларға іліне алмайды. Ал, жас санаты 35 жасқа дейінгі журналистер арасында бұл жастан асып, баспанасыз жүргендері аз емес. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қандай БАҚ-да (квазимемлекеттік, жекеменшік, мемлекеттік) жұмыс істегеніне жəне жас шегіне, қай өңірде тұрғанына қарамастан баспанасы болмаса, мұғалімдер, дəрігерлер, əскерилер сынды арнайы əлеуметтік мəртебе аясында, ортақ шартпен (ұзақ мерзімді жалға немесе несиеге алса сыйақы мөлшерлемесі төмен, кезекпен) жеңілдетілген баспанаға ие болудың арнайы бағдарламасын қабылдауға ықпал ету қажет. Журналистік нарықта жалақы, қаламақы мөлшері төмен. Сондықтан, еңбекақысы төмен журналистерді мемлекеттік қолдаудың қосымша тетіктері қарастырылуы керек. Мен бұл бағытта тиісті орындарға өз ұсыныстарымды бергенмін, əлі де індетіп, іздену керек болып тұр…

Əріптестердің əлеуметтік мəселесіне қатысты сөз бұған дейін де бірнеше рет көтерілген, бірақ негізінен қоғамдық талқылаудан əріге барған емес. Р е с п у б л и к а д а ғ ы ө ң і р л е р м е н орталықтарда еңбек етіп жүрген қолында дипломы бар (блогерлер емес) кəсіби журналистер саны көп те емес. Қоғамдық өмірдің алдыңғы шебінде қызмет жасап жүрген журналистер қауымының жағдайына көңіл бөліп, тиісті деңгейде шешім қабылданса қоғамдық өміріміздегі елеулі жаңалықтардың бірі болары сөзсіз.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз