Жарнама
Жаңалықтар

Бала қауіпсіздігіне бейқамдық па?

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін сағат 12:00 шамасында Азаттық даңғылы бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінде 2022 жылы туған бала биіктіктен құлап, көз жұмды.

Оқиға орнына жеткен Атырау қаласы ТЖБ мамандары сәбидің 5-қабатта орналасқан пәтердің балконынан құлағанын анықтаған. Мамандардың мәліметінше, бұған дейін осы үйде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, терезелерге арнайы қорғаныс бекіткіштері орнатылған. Алайда бұл жолы бала терезеден емес, балконнан құлаған.


Құзырлы орган дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері облыс бойынша 9 баланың биіктіктен құлау дерегі тіркелген, оның ішінде, өкінішке қарай, екі жағдай өліммен аяқталған. Ал 2024 жылы 12 бала терезеден құлап, соның екеуі қайтыс болған.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен қамқоршыларды балаларды қараусыз қалдырмауға, балкон мен терезелердің қауіпсіздігін қатаң бақылауға алуға шақырады.

Майра ЕРҒАЛИ

Сурет: Qazaly.kz


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button