БАҚ бір ғимаратқа шоғырлануы мүмкін

  Болашақта атыраулық журналистер «Атырау-Ақпарат» ғимаратына шоғырландырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев мәлімдеді.

  Барлық ақпарат құралдарын орталықтандырып, ортақ кеңістік қалыптастыру керек. Бүгінде облыстағы барлық ақпарат құралдарын «Атырау-Ақпарат» ғимаратына шоғырландыру мәселесі қарастырылып жатыр. Себебі, ол ғимаратта қазір ақпаратқа мүлде қатысы жоқ мекемелер де отыр» деді ол Атырау облысы әкімдігі жанындағы БАҚ және интернет-кеңістікті дамыту мәселелері бойынша қоғамдық кеңес отырысында.

  Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев ақпарат құралдарына жастар тәрбиесі мәселесіне араласуды тапсырды. «Жастармен ресми жиналыстарда ғана кездесуді қойып, олармен жұмыстың жаңа форматын ойластыру қажет. Спорттық жарыстар, табиғат аясына саяхат сынды шараларды көбірек ұйымдастыру арқылы, еркін пікір алаңын қалыптастырып, жастарды толғандыратын мәселелерді де біліп отыру маңызды» деді ол.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз