БӘЙКЕНОВА ЖӘНЕ ОНЫҢ БИШІЛЕРІ

Жаңалықтар

Ресей, Қазақстан және көптеген шетелдің өнер ұжымдары қатысқан байқау ұлттық би, халықтық үлгідегі би, қазіргі заманғы және классикалық би аталымдары бойынша өтті. Қазақ елі атынан Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясының және белгілі биші Гүлсина Бәйкенованың ұйымдастыруымен алғаш ашылған балет би студиясының өнерпаздары қатысып, бақ сынады. Олар қазақтың «Жез киік», үнді халқының ұлттық биін және башқұрт халқының «Куль буенда» биін биледі.
Үнді биінің жеке орындаушысы Дария Сәнбаева үздік би қимылымен ерекшеленіп, жүлделі бірінші орын иегері атанса, башқұрт халқының ұлттық биін нақышына келтіріп сомдаған Әсел Олжабаева нәзік аққу-қыз бейнесінде әділқазыларды таңғалдырды. Ол да жүлделі бірінші орыннан көрініп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Гүлсина Бәйкенованың айтуынша, байқау ұйымдастырушылары башқұрт ұлттық киімін киген балет бишілерінің өнерін жоғары бағалап, ризашылығын білдірген. Сондай-ақ, өнер ұжымы Қытай, Ресей, Италияда өтетін халықаралық хореография өнері фестиваль-байқауына қатысуға жолдама алған.
Байқау соңында Гүлсина Бәйкенова мен ұстаз-тәлімгер Камила Чужетова жеңімпаздарды дайындағаны үшін Алғыс хаттармен марапатталған. Ендеше, шығармашылық ұжымға біз де сәттілік тілейік!

Нұргүл ЫСМАҒҰЛ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған