
Бағдаршамда ақ түс пайда болуы мүмкін
АҚШ-та мамандар жол қозғалысын басқарудың жаңа жүйесін ұсынып отыр. Олар дәстүрлі үш түсті бағдаршамға төртінші – ақ шамды қосуды жоспарлауда. Мұны kolesa.kz хабарлады.
Мамандардың айтуынша, жаңа түстің енгізілуі автономды көліктердің көбеюімен байланысты. Егер қиылыста жүргізушісіз көліктер басым болса, бағдаршам ақ шамды жағады. Бұл — қозғалысты енді бағдаршам емес, сол жердегі автономды көліктердің өздері реттейді деген белгі.
Жүргізушісіз көліктер бір-бірімен нақты уақыт режимінде ақпарат алмасып, кім қандай жылдамдықпен келе жатқанын және қашан бұрылатынын анықтайды. Осылайша қозғалыс жылдамырақ әрі қауіпсіз болады.
Қарапайым жүргізушілерге тек алдыдағы көліктің қозғалысын қайталау жеткілікті. Бұл жүйе енгізілсе, жасанды интеллект жол қиылысында бірнеше секундқа «реттеуші» рөлін атқарады.
Мамандардың пікірінше, бұл бастама көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетеді.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА



