«Қазақстан әскеріндегі бір күн»

image 25 10 16 03 11 7 Жаңалықтар

Атырау қаласындағы «Батыс» өңірлік әскери  қолбасшылығында «Қазақстан әскеріндегі бір күн» атты ашық есік күні өтті. Еліміздің Қарулы күштері және басқа да әскери құрылымдарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға мектеп оқушылары қатысты.

image-25-10-16-03-11-7

Жауынгерлік өмірдің тыныс-тіршілігімен танысқан олар алдымен, 41433 барлау полкінің саптық жаттығуларын тамашалады. Одан әрі оқушыларға сарбаздардың киім-кешек үлгілері, ауыр техникалар мен қару-жарақтар көрсетілді.

image-25-10-16-03-11-3

Көрме барысында жеткіншектер атыс қаруын қолдарына ұстап көріп қана қоймай, оны пайдалану жолдарын да үйренді. Сарбаздардың казармадағы күнделікті тәртібіне куә болды. Алаңда қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдері де көрсетілді. Осылайша, әскерилер жасөспірімдерді Отан қорғауға шақырып, елдің тыныштығын сақтау әркімнің азаматтық борышы екендіктерін айтты.

image-25-10-16-03-11-2

– Мұнда сарбаздардың азаматтық борышын өтеу үшін барлық жағдай жасалған. Бос уақытты тиімді пайдалану да қарастырылған. Күнделікті жаттығулармен қатар, түрлі мәдени, спорттық шаралар да қалыс қалмайды. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған жұмыстар да ұдайы өткізіліп тұрады, – дейді аталған әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Бақтығали Әлімбаев.

image-25-10-16-03-11-1

Жауынгерлік өмірдің қыр-сырына қаныққан болашақ Отан қорғаушылар алдағы уақытта өздері де осы салада қызмет еткілері келетіндіктерін жеткізді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз