Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының жұмысын жандандыру қажет (ФОТО)

ANU 8961 Жаңалықтар

Бүгін Атырау мұнай және газ университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының жұмысын талқылау мақсатында өңірлік семинар өтті.

ANU_8961

«Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырумен өткен шараға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі доцент Людмила Гривенная қатысып, тың тәжірибелерімен бөлісті.

ANU_8959

– Жоғары оқу орындарының жанынан құрылған Ассамблея кафедрасының жұмысын жандандыру қажет, семинарларды жиі өткізу маңызды. Мұнда университеттегі білім беру әдістемесінен бастап, этносаралық қатынастарды нығайту мәселесі қозғалуы керек. Және бұған үкіметтік емес ұйымдарды тартқанның артықтығы жоқ. Сонымен қатар, мұғалімдердің әлеуметтік жобаға қатысу мүмкіндігін саралау, азаматтық институтты дамыту да негізгі межелердің бірі, – деді ол.

ANU_8974

Семинарға қатысушылар Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауларына қатысты ой-пікірлерін де ортаға салды.

ANU_8982

Бүгінде Атырау облысында үш жоғары орнында жұмыс жасайтын Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары оқу және тәрбие үрдісін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етіп, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесімен тығыз ынтымақтастықта қызмет атқаруда.

ANU_9031

Мәлике МӘЛІК.

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз