Қайтарылған жердің несібесі мол

zher Жаңалықтар

Бұған дейін Ресей Федерациясы жалға алған 749,6 мың гектарлық «Тайсойған» полигонының 624,6 мың гектары жер қорына қайтарылмақ. Осылайша, мал шаруашылығына қолайлы аймақты мақсатты пайдалану көзделіп отыр. Оның үстіне, мұндағы жерасты байлығын игеру облыс экономикасының өркендеуіне оң әсер етері сөзсіз. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

zher

Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы  Арман Баженовтың айтуынша, Атырау қаласына қарасты Ақжар селосындағы сынақ полигонының да көп бөлігі кері қайтарылды.

Атырау облысының жер қоры 11 млн. 863 мың гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы аумақ 2 млн. 516 мың гектар, яғни,  21 пайызды қамтиды. Ал, пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау басқарманың күн тәртібінен түскен емес.

Мәселен, ауыл шаруашылығы саласы бойынша 100,5 мың гектардың игерілмегендігі белгілі болды. Оның ішінде, 1,8 мың га егістік, 98,7 мың га жайылым және басқа алқаптар.

– қайтарылатын аумақтың басым бөлігі – жайылымдық жерлер. Сонымен қатар, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның жер қойнауын пайдалануға келісілген учаскелері бар. Мәселен, «УАЗ», «Қондыбай», «Мәтен» кен орындары осы аймаққа жақын орналасқан. Қабылдау актісін алғаннан кейін Қызылқоға ауданының  әкімдігі бұл жерлерді шаруа қожалықтарының, мал санын көбейту бағытында қолданады деген жоспарымыз бар, – дейді Арман Сырымұлы.

Айбөпе Сабырова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз