Айдынға қуатты қайық жіберілмейді

2 Жаңалықтар

1-сәуірде балық аулау мерзімі басталады. Бұл бағытта облыс басшылығының бастамасымен біраз іс қолға алынуда. Брифингте тілшінің заңсыз балық аулауға қарсы күрес жұмыстары жөнінде қойған сұрағына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев былайша жауап берді:

2

– Браконьерлікті жою мақсатында барлық құрылымдарды жұмылдырдық. Әр тарапқа балық аулау науқаны жөнінде нақты сауал жолдадық. Қоршаған ортаға зиян келтірмей, уылдырық шашу кезін ретімен өткізуге мүмкіндік жасап отырмыз. Осы орайда, үлкен жұмыстар атқарылуда. Орынбасарларым, жергілікті полиция және басқа да мемлекеттік орган басшыларымен бірлесіп Атырау қаласында, Құрманғазы ауданында түсіндіру шараларын жүргізді. Жақында Исатай ауданының Жанбай, Зинеден ауылдары тұрғындарымен кездесіп қайтты. Жалпы, жағдайды тұрғындар түсіністікпен қабылдап отыр. Балық аулау маусымында қуаты 20 ат күшінен асатын қайықтардың айдынға шығуына тыйым салынады. Қазірде бұл талаптың сақталмауынан, заңсыз әрекеттерге жол берілуде. Кейбір қайықтардың қуаты шамадан тыс артық. Шын мәнінде, Үкіметтің қаулысы 2013 жылы қабылданған. Ережеден бейхабар кейбір тұрғындардың қуатты қайық, моторының несиеге алғанын айтып наразылық білдіргендері. Дегенмен, заң алдында бәріміз де бірдейміз, – деген Нұрлан Асқарұлы тәртіп ретке келтіріліп қана қоймай, жұртшылыққа мүмкіндік те берілетінін атап айтты.

– Балық аулау – басты табыс көзіне айналған Жанбай, Зинеден ауылдарының тұрғындарына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына жақын күндері бос жұмыс орындар жәрімеңкесін өткізуді тапсырдық. Олар мұнай және өзге де жобалар бойынша қызметке орналасуға мүмкіндік алады, – деді ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз