Аяласаң, табиғатты аяла!

«Парктер шеруі-2013» экологиялық акциясы өз мәресіне жетті. Осыған орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ерекше қорғалатын табиғи аумағында сенбілік ұйымдастырылды.
Акция аясында резерват қызметкерлерімен экологиялық ағарту шаралары, тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшеттер отырғызылды. Түрлі тақырыпта дәріс, экскурсия, көрме және басқа да шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан «Парктер шеруі» акциясына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Мұндағы басты мақсат – қоғам, мемлекеттік билік органдары, бұқаралық ақпарат құралдары, кәсіпкерлердің назарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтың маңыздылығына аудару.

– ҚР Үкіметінің 2009 жылғы қаулысына сәйкес Жайық өзені салаларымен Каспий теңізі жағалауында аумағы 111,5 мың гектар жерді құрайтын «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты құрылған болатын. Аталған аймақта құстардың 292, өсімдіктің 560, жануарлардың 18, балықтардың 69 түрі бар, – дейді аталған мекеменің маманы Ақкүміс Дүйсенова.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз