Жарнама
Жаңалықтар

Автокөлік және тасымалдау саласында бақылау күшейді

Қазақстан отандық автотасымалдаушылардың мүдделерін халықаралық нарықта қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Жыл сайын халықаралық тасымалдарға рұқсаттар алмасуды көздейтін 42 елмен үкіметаралық келісімдер жасалды, — деп хабарлайды республика Көлік министрлігі.

Рәсімді жеңілдетуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа ережелері мен үдерістерді автоматтандыру және өтінімдерді ресімдеу мерзімдерін қысқарту тетіктері енгізілді.

Жүк көлігінің қозғалысын бақылаудың цифрлық форматына көшу автоматтандырылған өлшеу стансаларын (АӨС) енгізу арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда заң бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу үшін «Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі» жүйесімен интеграцияланған 63 станса (30-ы республикалық жолдарда, 33-і жергілікті жолдарда) жұмыс істеп тұр.

Қытаймен үкіметаралық келісім ратификацияланды, оның шеңберінде Қазақстан Қытай аумағы арқылы ішкі транзиттік автотасымалдауды жүзеге асыру құқығын алған бірінші ел болып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button