Автокөлік алуға өтінім жаңа тәртіппен рәсімделеді

kolik Жаңалықтар

Өнеркәсіпті дамыту қоры көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы арқылы өтінім беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы 6 ақпанда сағат 10-да «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы) көлік алуға жеңілдікпен пайызы төмен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін жаңа платформаны іске қосады. Өтінім қабылдау www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі.

Бірінші кезекте электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркелу керек. Осыдан кейін «өтінім беру» бөлімінде «телефон нөмірі» тармағын толтырып, автомобиль құрастыратын кәсіпорнды таңдау қажет. Өтінім тапсырылғаннан кейін таңдау жасалған кәсіпорынды өзгертуге болмайды.

Келесі кезекте көлік алатын адам шарт талаптарымен танысуы тиіс. Осы талаптармен келіскен жағдайда, «оферта шартымен келісемін» батырмасын басып, ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қойылады. Бұл әрекеттерден кейін платформада құжаттарды тексеру басталады.

Сонымен қатар, адамдарың өтінімдері үш себеп бойынша қабылданбауы мүмкін. Біріншіден, осыған дейін бағдарлама аясында несие алса, бұл адамның өтінімі қабылданбайды. Екіншіден, платформада осы адамның өтінімі бұған дейін енгізіліп, қарастыру кезеңінен өтіп жатса, жаңа өтінімді қосу мүмкіндігі болмайды. Үшіншіден, бағдарламаға қатысып жатқан банкте қаражат лимиті таусылса, өтінім қабылданбайды.

Аталған рәсімнен кейін тіркелген өтінімді «жеке кабинет» арқылы тексеру мүмкіндігі болады.

Платформа бағдарламаға қатысатын адамдардың пулын қалыптастырады.

Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасына «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС қатысады. Жеңілдетілген несие алатын адамның өтінімі мақұлданса, бұл компаниялар 60 күн ішінде автокөлікті жеткізуі тиіс.

Жалпы, автокөлік пен несиені берудің толық рәсімін 60 күннің ішінде аяқтау керек.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз