Жарнама
Жаңалықтар

Ауылдарда апатты үйлер болмайды

Исатай ауданында аумағы жағынан да, тұрғын саны жағынан да ірі елді мекен – Хамит Ерғалиев ауылы. Бүгінде ауылда апатты жағдайға жеткен екі қабатты үш үйдің орыны тазалана бастады. Білуімізше, бұл баспаналар өткен ғасырдың 60-70-інші жылдарында салынған.

Бұл туралы хабарлаған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбол Жанпейісов қазір облыстық бюджет есебінен ауданда 17 пәтерлік жаңа үй салынғанын айтты. Баспанасы жарамсыз исатайлықтардың бір тобы биыл қыркүйекте жайлы қонысқа орналасқан.

Жауапты мамандардың түсіндіруінше, жаңа үй заманға сай инженерлік-коммуникациялық құрылымдармен қамтамасыз етілген. Газ, су, электр желісі мен кәріз жүйесі жүргізіліпті.

– Бұдан былай ауылдағы ағайын да қаладағыдан кем түспейтін, барлық жағдайы жасалған заманауи үлгідегі үйлерде тұрады, — дейді салалық бөлім басшысы.

Д.ЛАТИФҰЛЫ

Исатай ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button