Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Жарнама
Жаңалықтар

«Ауыл» партиясы “Атырау” газетінің ұжымын Жаңа жылмен құттықтады

Жаңа жыл қарсаңында «Ауыл» партиясы Атырау облысы бойынша өңірлік филиалы төрағасының орынбасары Арсен Смайлов пен кеңесші Әсел Қадырова облыстық “Атырау” қоғамдық-саяси газетінің редакциясына арнайы келіп, ұжымды мерекемен құттықтады.

img 9182

Іс-шара барысында газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиевке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық комитет төрағасы, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаевтың, сондай-ақ партияның Атырау облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Нұртас Байжановтың атынан Алғыс хаттар мен бөлме гүлі табысталды.

Құттықтау барысында Арсен Смайлов “Атырау” газетінің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, журналистердің қай кезеңде де ел мен билік арасындағы алтын көпір екенін атап өтті.

– Журналистер қай уақытта да қоғамның үнін қалың жұртшылыққа жеткізуші. Осы жауапты міндетті абыроймен атқарып, ақпарат айдынында үздіксіз еңбек етіп келе жатқан “Атырау” газетінің ұжымына алғысымыз зор. Сіздердің жедел де сапалы жұмыстарыңыз — елдік мүддеге қызмет етудің айқын көрінісі, — деді Арсен Рүстемұлы.

Сонымен қатар Арсен Смайлов газет редакциясының «Ауыл» партиясының бағдарламалық мақсаттарын, ауыл шаруашылығы мен өңірлік дамуға қатысты бастамаларын жұртшылыққа кеңінен насихаттаудағы белсенділігін атап өтті.

Өз кезегінде газеттің бас редакторы Назарбек Қосшиев көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да партиямен өзара әріптестік аясындағы бірлескен жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button